Өзбекстан мен Қазақстанда іздеуде болған қылмыскер Ақтөбеде ұсталды
Өзбекстан мен Қазақстанда іздеуде болған қылмыскер Ақтөбеде ұсталды. Ол 11-қаңтар күні ұялы телефонын сату кезінде құрықталған. Полиция оның кісі өліміне қатысы барын анықтады. Күдікті қамалды.11 қаңтар күні ұялы телефонын сатуға әрекет жасаған күдікті өзін Д.А.Пушкин деп таныстырған. Шұғыл іздестіру іс-шарасын жүргізген полиция ұсталған адамның 36 жастағы Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Ол Өзбекстанда көлік ұрлағаны үшін және Шымкент қаласында кісі өлімімен аяқталған тонау қылмысына күдікті ретінде іздеуде болған. Қаңтар айының басында ер адам қасындағы сыбайластырымен Шымкент қаласында бір үйді тонауға кіріп, үйдің иесін өлтірген.
Қазіргі таңда ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, қылмыстық жазадан қашып жүрген Өзбекстан азаматы И.Шевченко екені анықталды.
Количество показов: 663
Дата создания: 25.01.2023 13:15:28