Заречный-4 ауылы жарыққа жарымай отыр
Қарғалы селолық округіне қарасты Заречный-4 ауылында ымырт үйіріле бүкіл тіршілік тоқтайды. Өйткені жарықтың қуаты аз, өлеусіреп жанып, көзді ауыртады, электр жарығымен отырдың не, шам жақтың не айырмашылығы жоқ дейді олар. Ауылға электр бағаналары орнатылмаған. Қолы жеткендер өздері орнатып, онысын көршілерімен кабель желілері арқылы бөліседі. Кейбірі тіпті 300 метр қашықтықтағы танысынан тартып, амалдайтын көрінеді. Кейбір үйдің жылыту жүйесі де электр қуатына тәуелді болып шықты. Жел күшейіп боран соға қалса, жалп етіп өше қалатын жарық үйдің жылуын да бірге әкетеді. Тұрғындардың мәселені айтып, бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Бұл аумаққа электр қуатын таратуға «АқтөбеЭлектросетьстрой» ЖШС-і жауапты болып шықты. Мәселеге мән бермей келгендерінің себебін сұрап телефон шалып едік, олар мұны алғаш рет естігендерін айтады. Бүгін барып жағдайды анықтап, қолға аламыз деп уәде етті. |
Количество показов: 1918
Дата создания: 31.01.2014 16:11:50