Заречный-3 ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
Бүгін Заречный-3 ауылында 50 орындық дәрігерлік амбулатория ашылды. Құрылысы үш айда жедел аяқталған 300 шаршы метрлік ғимарат Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отыр. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары, дәрігерлер мен медбикелер, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Амбулаторияда енді Заречный-3 ауылының тұрғындары күндіз ем қабылдайды. Салтанатты шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен тұрғындар қатысты. Ауыл халқы шашу шашып, лебіздерін білдірді. Мердігер компания амбулатория кілтін салтанатты түрде табыстады. Жалпы сметалық құны 65 миллион теңгеге шыққан бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы - 300 шаршы метр. Жаңа амбулаторияда тұрғындардың денсаулығын бақылау мақсатында медициналық бөлме, ультра-дыбыстық зерттеу қондырғылары, физиотерапия бөлмелері, балалар дәрігерінің, акушер-гинекологтың қабылдау кабинеттері мен зертхана бар. Әзірге терапевт пен балалар дәрігері кабинеті жасақталып үлгерген. Заречный -3 ауылының тұрғындары осыған дейін қаладағы емханаларға қатынап келді. Аз ғана уақыттың ішінде заманауи стандарттарға жауап беретін жаңа ғимараттың бой көтергені тұрғындар үшін үлкен қуаныш болып отыр. Бүгін Ақжар-2 ауылында да дәл осындай отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Айта кетелік, жыл басынан бері облыс бойынша 9 дәрігерлік амбулатория ашылды. Жетеуі қала маңындағы елдімекендерде. Қалған екеуі Шалқар мен Мәртөк аудандарында. 25 желтоқсан күні 12 мөлтек ауданда 500 орындық емхана пайдалануға берілмек. Жалпы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша облыста алда 50 емхана салу жоспарда бар. |
Количество показов: 2512
Дата создания: 13.12.2013 19:25:23