Заречный-1 ауылындағы көпірдің екі жыл болмай тоз-тозы шыққан
"Заречный" көпірі сенімсіз. Екі жыл бұрын салынған өткелдің күйі кетіп тұр. Жел тұрса теңселеді. Одан қалды асфальтының тоз-тозы шыққан. Тұрғындар көпір үстімен жүруге қорқады. Ал ол ескі қала мен Сүт зауыты ауданын, жақын маңдағы елді мекендерді жалғап тұр. Айзат Досыбаев "Заречный-1" ауылының байырғы тұрғыны. Ауылдықтар болып 2020 жылы көпір құрылысы бастағанда қатты қуанғанбыз деп еске алды ол. Бірақ бұл маңда тұратын тұрғындардың қуанышы көпке созылмапты. Жаңа көпір аз уақытта сыр бере бастапты. Өткелдің екі жылдағы күйі адам аярлықтай. Әбден тоз-тозы шыққан.Айзат Досыбаевқа жеке көлігімен шаһардың келесі бөлігіндегі жұмысына бару үшін осы көпірмен күніне бірнеше рет қатынауына тура келеді. Әлсіз көіпр ауыр техникалардың салмағын көтере алмай, үзілуі мүмкін.
"Заречный-1" ауылының тұрғындары жолдың жайын айтып, құзырлы мекемелерге хабарласқан. Бірақ мардымды жауап болмаған. Дегенмен мұндағы халық жыл соңына дейін көпірге жөндеу жүргізілер деген үмітпен жүр. Көпір туралы қандай да бір мәлімет алу мақсатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарласу мүмкін болмады. Өткел құрылысына тапсырыс берген осы мекеме екен.
Количество показов: 668
Дата создания: 23.08.2022 19:04:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>