Заңсыз мұнай тасымалдаған азамат 5 жылға сотталды
№2 қалалық сотта бүгін мұнайды заңсыз тасымалдады деп айыпталған азаматқа қатысты үкім шықты. Судья Нұрлан Бисени Қобда ауданының тұрғыны Серік Қаймолдинді бес жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының ағасы Телегіз Қаймолдиннің айтуынша, қобдалық азамат мұнай тасымалымен бір жыл айналысқан. Қара алтынды облыс аумағындағы компанияларға жеткізіп отырған. 2013 жылдың бірінші қаңтарында қаржы полициясының санкциясымен ол қамауға алынды. Серік Қаймолдиннің туыстары мен қорғаушысы сот үкімімен келіспеді. Олар аппеляциялық шағым түсірмекші. Бес жылдық жазадан бөлек, сотталушы мемлекетке 42 миллион теңге өтеуі тиіс. Үкім 15 күннен соң заңды күшіне енеді. |
Количество показов: 1616
Дата создания: 20.03.2014 18:05:36