Заңгерлердің қатысуымен ашық есік күні өтті
Әкімдіктегі заңгерлік кеңсе. Бүгін "Астана" ауданының тұрғындары заңгерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Әкімдік ішіндегі кеңсеге қабылдауға келгендерге білікті медиаторлар мен кәсіби адвокаттар кеңес берді.Астана ауданы әкімдігінде ерекше қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Әртүрлі сұрақтар бойынша қабылдауға келген аудан тұрғындарына тегін құқықтық кеңес берілді. Жарты тәулік ішінде қабылдауға келген аудан тұрғындары өзі қалаған маманнан кеңес алды.Қоғамдық қабылдауда медиаторлар да психолог маман, нотариалдық кеңсе қызметкері мен сот орындаушылары да бар. Қабылдауға келушілердің арасында кеңес алушылардың сұрақтары негізінен жер мәселесі, алимент пен басқа да құқықтық мәселелер төңірегінде болды. Мұндағы заңгерлер қоғамдық қабылдауға келгендерге құқықтық кеңес беріп қана қоймай, сотқа талап арыздар жазып беруге де көмектеспекші.Количество показов: 653
Дата создания: 08.09.2023 06:16:40