Заңға қайшы әрекет еткен мемлекеттік қызметкерлер ісі тәртіптік кеңесте қаралды
Тәртіптік кеңестің талқысына түскен бес істің төртеуі - Байғанин ауданының мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты. Өз құзыретіне кіретін мәселелерді Байғанин ауданы әкімі аппаратының басшысы Оразбай Қошанов, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі Ерназар Қалиев, Байғанин аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжан Қонаевалар дұрыс шеше алмаған. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптары Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде ең көп бұзылған. Осылайша, аталған бөлім басшысы мердігер мекемелермен әр кезде 13, 48, 56 миллион теңгенің шарттарын жасасқан. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды тергеу комиссиясының мүшелері Әйтеке би аудандық білім бөлімінен де тауып отыр. Тергеу комиссиясының мүшесі Қанат Жүсіповтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу байқауларын өткізу кезіндегі кемшіліктер көбіне бөлім басшылары мен мамандардың заңды білмеуінен туындап жатады. Бүгін тәртіптік кеңесте істері қаралған шенеуніктер қызметіне сай емес деген ескерту алды. |
Количество показов: 2428
Дата создания: 17.01.2014 19:21:40