Қызылжар ауылына көлік қатынасы қиындады
Бұл Қызылжар елді мекені мен қала арасын жалғап жатқан жолдағы көрініс. Онға жуық жеңіл көлік қарға батып тұр. Бір жүргізуші көлігін қар құрсауынан өз күшімен шығара алмаған соң орталықтан арнайы эвакуатор шақыртқан. Өзге жүргізушілер де бір-біріне көмектесіп көліктерін тас жолға итеріп шығарып жатыр. Не болғанда да көліктерді батқан жерінде қараусыз қалдырып кетуге болмайды. Қызылжарлықтар жол бойында қаңтарылған жеңіл көліктердің дөңгелектері қолды болып жатқанын айтады. Ал көлігі жоқ ауыл тұрғындары боран тұрғалы үйлерінен ешқайда аттап шықпаған. №23-ші бағыттағы қоғамдық көлік араға сағаттар салып ауылға әрең соғады. Ескі Қызылжарда орналасқан мектепке «Жаңа құрылыс» ауданынан оқушылар жаяу қатынап жүр. Ал Қызылжардың адамдар жаңадан қоныстанып жатқан бөлігінде көшелері жарықтандырылмаған. Ауыл ішінде боран ұйтқып тұр. Тұрғындар ауласындағы қарды көшеге атып әлек. Бірақ, қар тазартылған жерді сол бойда қайта басып салады. Синоптиктерден келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, алдағы күндері қар жауып, боран соғады. Артынша аяз күшейеді. |
Количество показов: 1791
Дата создания: 20.01.2014 19:19:33