Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылына газ келді
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындарды Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құтықтап, жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде, тәуелсіздік жылдары еліміз түрлі қиындықтарға тап болып , оны тұңғыш президенттің сарабдал саясатының , халықтың еңбекқорлығы мен бiрлiгiнiң арқасында еңсере алды . Нәтижесінде бүгінде ондаған жылдар бойы күн тәртібінде тұрған әлеуметтік сұрақтар шешіліп жатыр .Соның iшiнде, Ақтөбе облысында биыл ауылдарды газдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде және ол келесі жылы да жалғасатын болады, деді. Газбен қамтамасыз етілген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Олар облыс әкіміне алғыстарын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі. Белқопа ауылын газбен қамтуға 56 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Тоқсан үй мен төрт әлеуметтік нысан көгілдір отынды пайдаланатын болады .
Количество показов: 728
Дата создания: 27.12.2021 18:38:00