Қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі
Қыш өнері көнеден бастау алған кәсіп түрі. Оның тарихы ғасырлар бұрын қалыптасқан. Бүгінде қыш құю ісімен айналысатын шеберлер көп емес. Алайда, өңірімізде саз балшықтан қыш құмыра жасайтын кәсіби мүсіншілер де бар. Солардың бірі Орынбасар Төлегенов 2001 жылы Ташкент қаласынан қыш құмыра шебері болып оқу оқып, кәсіби маман болып шыққан.Шебер бұл өнердің адам денсаулығына беретін пайдасы мол, дейді.Мүсінші саз таңдау мәселесіне бей-жай қарауға болмайтындығын айтады. Сондықтан жергілікті сазды пайдаланып, туынды жасар алдында құрамын өзі дайындайды екен.
Қазақтың тағы бір өнері- тоқыма тоқу. Бұл өнер - қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Көне дәстүр ізімен жүрген Қалимаш Кәрімбердиева халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасымен әлі күнге дейін айналысады. Әжей тоқыма өнерін қыздары мен келіндеріне, немерелеріне де үйретеді екен.
Тоқыма тоқу көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өрнектеудің шеберлігі. Әжей жастайынан үйренген өнер түрін әлі күнге дейін ұмытпаған. Күміс алқа иегері 30 немере мен 14 жиеннің әжесі. Өз елінен жырақта тұрса да халқымыздың ұлттық өнерін ұмытпаған. Қазір нәтижесінде келіндері мен немерелері осы тоқыма тоқу өнерін жалғастырып жүр.
Количество показов: 51
Дата создания: 20.03.2025 00:25:08