Қырғыз, армян нөмірлі көлігі бар жүргізушілер наразылық білдірді
Армения және Қырғызстаннан әкелінген көліктер Қазақстанға тіркелмесе оны жүргізуге тыйым салынады. Жүргізушілер бұған наразы. Бүгін аталған елдерден көлік алған жүргізушілер қаладағы ойын-салық орталығының алдына жиналып, қарсылық білдірді. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиевтің түсіндіруінше азамат заңды біле тұра талаптарды орындамаса, онда тиісті шара қабылданады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590-бабы бойынша әкімшілік шара қарастырылған. Жиналған жүргізушілер наразылықтарын ашық білдірді. Оларға ешкім кедергі келтірмеді. Жанайқайларын барынша жеткізуге тырысты. Қырығзстан мен Армениядан темір тұлпар сатып алып келген ақтөбеліктер заңды қайта қарауды талап етіп отыр. Тіркеу үшін қомақты қаражат керек. Жеңілдік жасасын деген өтініштері де бар. Жүргізушілер әу баста Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елден көлік әкеліп жатырмыз, бізге ештеңе болмайды деген сенімде болса керек. Алайда сенімдері ақталмай, өздерін біреу сатып кеткендей күй кешіп жүр. Енді талап күшті. Егер Қазақстан азаматы ел аумағынан тыс жерде көлікті меншіктік құқыққа тіркеген болса, тіркеу куәлігі болса ҚР "Жол қозғалысы " заңының 66-бабының талаптарына сәйкес 10 жұмыс күні ішінде Қазақстанға тіркеуі керек. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590 бабының 2 тармағына сәйкес тіркелмеген көлікті жүргізген азаматқа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Кемшілікті түзегенше көлік айып тұрағынан шығарылмайды.
Әкімшілік полиция комитетінің мәліметі бойынша 2019 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен шетелдік нөмірмен жүретін көліктердің қатысуымен 90 мыңға жуық заң бұзушылық тіркелген. Осы санаттағы көлік жүргізушілері 1800-ден аса жол-көлік апатын жасап, 100-ден аса адам көз жұмып, 500-ге тарта адам жарақат алған. Алайда тек 27 мың жүргізуші ғана жауапкершілікке тартылған. Сондықтан бұл мәселені заң тұрғысында реттеу қолға алынды. Ақтөбеде шет елдік нөмірмен жүрген көліктердің қатысуымен 95 жол апаты тіркелген. Одан 14 адам қайтыс болып, 145 адам дене жарақатын алған. Мәселен өткен жылы жол ережелерін бұзушыларды атықтайтын автоматты жүйелер 16 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтаған. Бұл полиция қызметкерлерінің өз есебі. Есепсіз жатқандар одан да көп. Жүргізушілерге көліктерін тіркеуге қатысты кеңес беру үшін алдағы екі күнде "Жолда қабылдау" акциясы өтеді. "Қауырт желі" де іске қосылды. Сонымен қатар полицияның фронт-кеңселерінде айыппұлдар туралы ақпарат алуға болады.
Количество показов: 955
Дата создания: 16.01.2020 19:18:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>