Қылмыспен қоғам болып күресу керек.
Елімізде қылмыс азаяр емес. Әсіресе зорлау, тонау, бұзақылық сынды құқық бұзушылық жаңалықтар хроникасынан түсер емес. Күнде еститініміз осы. Бүгінгі жиынға түрткі болған да осы мәселе. Қайткенде қылмыстың алдын алуға болады? Конференцияға ғалымдар, полицейлер, заңгерлер мен Ақтөбе заң институтының ресейлік әріптестері онлайн қатысты. Қылмыспен күрес тек құқық қорғау саласының міндеті емес. Оған қоғам болып жұмылуымыз шарт. Баласына үйде тәрбие беретін ата-ана болса, оқу орындарының міндеті мәдениетті, парасатты ұрпақ оқытып шығару. Бүгінгі жиынға қатысқан ғалымдар барша педагог қауымын өнегелі ұрпақ тәрбилеуге атсалысуға шақырды. Әрбір ашылған қылмыс тас қараңғы жерлерде жасалған. Ал көлік қағу мен жол апаттары арнайы белгі орнатылмаған, жолдың сапасы нашар жерлерде жиі орын алған. Бұған мамандар жүргізген сараптама дәлел. Құқық қорғау саласының материалдық-техникалық жағын нығайту әлі өзекті. Бақылау камералары мен бейнетіркемелерді көбейту, әр қуыс пен көшеге жарық орнату жұмыстары шұғыл қолға алынуы тиіс. Бұған билік өкілдері жауапты. Қазір халықпен күнделікті бетпе-бет жұмыс істейтін саланың бірі – учаскелік инспекторлар. Олардың жұмысы «қадамдық полиция» принципімен қайта ұйымдастырылуда. Қылмыстың алдын алуда учаскелік инспекторларға жүктелетін міндет зор. Бүгінде олар есепте тұрған әр адамның тәртібін бақылауда. Әйтсе де, қылмысты азайтудың бірден-бір жолы қоғам болып жұмылу. Әсіресе жергілікті атқарушы органдарының септігі зор. Жол белгілерін орнату, жарықшамдар тұрғызу, бейне бақылау камераларын көбейту. Мұның барлығы жергілікті әкімшілікпен шешілетін сұрақ.Количество показов: 580
Дата создания: 28.10.2023 01:06:32