Әйелі мен баласын өлтіруге оқталды деп айыпталған шалқарлық мектеп директоры сот залынан босатылды
Әйелі мен баласын өлтіруге оқталды деп айыпталған Шалқар ауданындағы мектептердің бірінің директоры Ғазиз Данабековке қатысты бүгін сот үкімі шықты. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев 37 жастағы ер адамның адам өлтіруге ойы болмағанын анықтап, оған 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасын кесті. Бірақ, айыпталушының тергеу кезінде қамауда 5 ай отырғанын ескере отырып, судья оны сот залынан босатты. Ғазиз Данабек 1 апта ішінде жәбірленушілерге 2 млн теңге көлемінде айыппұл өтейді. Еске салайық, былтыр қазан айында Шалқардың Жаңақоныс ауылындағы мектеп директоры отбасылық жанжал кезінде әйелі мен өгей қызына пышақпен жеңіл жарақат салған болатын. Шалқар облыстық Полиция департаменті оны күдікті ретінде ұстап, ҚР ҚК "Адам өлтіруге оқталу" бабымен іс қозғады. Ер адам облыстық білім басқармасы өкілдерінің мәліметінше, мектеп директоры қызметінде жарты жылдай жұмыс істегендігі және бұған дейін аудандық білім бөлімінде қызмет атқарғандығы анықталды.Количество показов: 741
Дата создания: 20.03.2023 19:15:53