Үй-күйсіз кезбелер қыстап шығатын орынды жағалай бастады
Ескі ғимарат 65 орынға шақталған. Күн аяздатқалы мұнда пана іздеп келушілер қатары күрт артқан. Солардың бірі 65 жастағы зейнеткер Гүлсара Мударисова. Қария орталыққа екі ай бұрын түскен. Қазір іс тігіп, қолғаптар тоқиды. Еңбекке баулу бөлмесінің тұрақты қатысушысы болып алған.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққата адамдар түскен күннен бастап 3 ай ғана тұрақтай алады. Осы уақыт аралығында құжаттары түгенделіп, еңбекке жарамды азаматтар жұмыспен қамтылады. Биыл 5 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Орталықта тұрып жатқандардың қазір ең жасы 24-те. 16 зейнеткер, 8 мүмкіндігі шектелген жан бар. 22 тұрғын бұрын сотталған.
Орталық тұрғындары №5 қалалық емханада тегін медициналық тексеруден өтеді. Сондай-ақ, мекеме ішінде паналаушылардың әр күнін жақсы өткізу мақсатында арнайы кабинеттер ашылған. Бірі кітапханада кітап оқып, мерзімді басылымдармен танысса, енді бірі іс тігіп, қол еңбегімен айналысады. Айта кетелік, биыл орталыққа мемлекет тарапынан 139 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы адамдарды уақытылы тамақпен қамтуға, төсек жабдықтарын сатып алуға жұмсалады. Орталық тұрғындарына қосымша жылы киімдер қажет. Әсіресе орта жастағы ер азаматтарға қыстық сырт киімдері мен жылы етіктер, бас киімдер қажет. Қала тұрғындары орталыққа өздерінен ауысқан киім-кешектерді тапсыра алады.
Количество показов: 737
Дата создания: 12.12.2022 20:09:38