Қурайлы ауылындағы 156 үйге көгілдір отын, 600 тұрғынға электр жарығы беріледі
Бүгінде Сәтпаев көшесіндегі №23- орта мектебінде үш ауысымды білім беру мәселесі шешілді. Орын тапшылығын жою үшін мектепке қосымша ғимарат салынды. Қазір мұнда 2500-ге жуық бала білім алады. Айта кету керек, қалада тағы осындай "Нұр Ақтөбе" және "Батыс-2" ауданындарындағы №60, 64 орта мектептер үш ауысымда білім береді. Бұл мектептердің мәселесі келесі жылы шешіледі. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин шағын кәсіпкерлікті дамытуды жолға қою керектігін айтты. Оңдасын Оразалин "М.Стиль" баспа серіктестігінің жұмысымен танысты. Полиграфия ісінің қыр-сырын меңгерген Меңдіғали Жұмағұлов кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазір "М.Стиль" серіктестігі түрлі бұйымдардың жапсырмаларын, шұжық, сүт тағамдарының, басқа да азық-түлік өнімдерінің орамаларын, дәрі-дәрмектің қораптарын, күнтізбелер, билеттер, қорапшалар, нөмірленген бланкілер т.б. бұйымдар шығарады. Бизнестегі ақтөбелік бикештің бірі Жанат Бекбауова. Оның сөзінше, тамақ өнеркәсібі ешқашан тасада қалмайды. Жанат қалада 5 дүкен желісін ашқан. Бүгінде манты, келілеп сатылатын тұшпара мен тартылған етке сұраныс көп. Аспаздық орталықтың иесі 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыс басшысы бизнесмендердің алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен танысты. Сондай-ақ, өңірде орын алған мәселелерді шешуде жауаптыларға тапсырма жүктеді.
Количество показов: 615
Дата создания: 28.10.2021 21:16:16