Қурайлы ауылдық округінің әкімі тұрғындармен кездесті
Қурайлы селолық округіне 5 елді мекен қарайды. 7 мыңнан астам тұрғыны бар. Атқарылған жұмыстың есебін тыңдаған жұрт көкейінде жүрген сұрақтарын ауылдық округтің әкімі Мақпал Тұрмағамбетоваға қоюмен шектелмей, ұсыныс тілектерін шаһар басшысы Ерхан Омаровқа да жеткізді. Ауыл тұрғындары бірінші кезекте жол, ауыз су, электр қуатын жүргізу мәселелерін шешіп беруді сұрады. Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетованың айтуынша, ауыл тұрғындары сапалы ауыз су тұтынатын болады. Биыл су тарату жүйесі жаңартылады. Сонымен қатар, қалалық құрылыс бөлімі кәріз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізуге тапсырыс берді. 26 шақырым желі ауыстырылады, деді Мақпал Тұрмағамбетова. Тағы бір жағымды жаңалық- биыл Россовхоз ауылында 270 орындық мектептің құрылысы басталады. Қурайлылықтарды толассыз жауған қар мазалайды. Ауыл халқы көшелер дер кезінде тазартылмағандықтан, көктемде суға кетеміз деп қорқады. Мәдениет үйі қажеттігін ауыл тұрғындары жыл сайынғы есеп кезінде айтып жүр. Өткен жылдың қарашасында ғимаратты жергілікті атқарушы билік сатып алған. Енді күрделі жөндеу жүргізіледі. Есептік кездесуде Мақпал Тұрмағамбетова Россовхоз тұрғындарының бұйымтайын жеткізді қала әкіміне. «Қазпошта» бөлімшесінің жоқтығынан, хат-хабар ауылға екі аптада әрең жетеді екен. Ерхан Омаров мәселе 2-3 айдың ішінде шешілетінін айтты.Ауылдық округтер әкімдері тұрғындармен әрбір тоқсан сайын кездесіп тұрады. Қала әкімі Ерхан Омаров қала тұрғындарымен 5 кездесу өткізеді. |
Количество показов: 2179
Дата создания: 21.01.2014 19:45:02