Қураған ағаштардың орнына жасыл желекті кескен
Қураған ағаштардың орнына сау жасыл желектерді кескен. Ақтөбеде орман белдеуін іріктеп, санитарлық кесу жұмыстарын жүргізетін мекеме 200- ден аса ағашты отап тастаған. Қоршаған ортаға келтірілген залал 15 миллион теңгеден асады. Экологиялық заңнаманы бұзғандарды қандай жаза күтіп тұр?Ақтөбеде екі жүзден аса ағаш заңсыз кесілген. Прокурорлардың айтуынша,орман белдеуін іріктеп, санитарлық кесу жұмыстарын жүргізуі тиіс мекеме қызметкерлері қурап, зақымданған ағаштардың орнына сау жасыл желектерді кескен. Мамандар алдын- ала орман патологиялық сараптамасын да жүргізбеген. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тағылған айып расталар болса, кінәлілерге 10 миллиард 350 миллион теңгеге дейін айыппұл салу не 800 сағатқа дейін түзеу жұмыстары мен қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалады.
Количество показов: 883
Дата создания: 15.05.2023 16:42:19