Әуе қорғаныс күштері әскери институтында Т. Бигелдинов мұражайы ашылды
Бүгін Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтында мұражай ашылды. Музейдің ашылуы атақты ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ғасырлық мерейтойына орайластырылған. Музейге әртүрлі ұшақтардың макеттері, Бигелдиновтер отбасының жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін фотосуреттер және оның өмірі мен қызметі жайлы ақпаратқа толы экспонаттар қойылған.Бүгінгі салтанатты шараға ҚР Қорғаныс күштерінің басшылығы, әуе қорғанысы күштерінің офицерлері мен ардагерлері, жас жауынгерлер қатысты. Жиналғандар ұшқыштың бюстіне гүл шоқтарын қойып, батырды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Музейге әртүрлі ұшақтардың макеттері, Бигелдиновтер отбасының жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін фотосуреттер және оның өмірі мен қызметі жайлы ақпаратқа толы экспонаттар қойылған. Мұражайды аталған әскери институттың 2002-жылғы түлектері салған. Олар бүгінгі мерекелік шараға қатысып, медальдармен марапатталды. 2002-жылы Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтын барлығы 130-дан астам түлек бітірген. Оның 54-і ұшқыш болса, 80-і инженерлер.
Количество показов: 636
Дата создания: 05.08.2022 19:55:27
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>