ҚТЖ АОФ қызметкері: "Басшыларымнан қысым көрдім".
Ақтөбе темір жол вокзалының қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген Жанна Жасамбаева біраз уақыт бұрын қысқартуға ұшыраған. Оған компания басқа жұмыстар ұсынғанымен , ол алғашқыда бас тартқанын айтады. ҚТЖ компаниясының басшыларына шағым хат жазып, еңбек инспекциясына да арызданады. Осылайша бұрынғы жұмысына қайтап келген қызметкер, енді мұндағылар оған қысым жасай бастағынын айтып отыр. Жанна Жасамбаева ҚТЖ ұлттық компаниясы бөлімшесі басшыларының тарапынан ол қысымға ұшырағанын айтады. Жұмысына қайтап келгенімен оған бұрынғы өзі отырған қызмет бөлмесі берілмеген. Бұрынғыдай өзімнің қызметтік міндетімді орындауға жағдай жоқ. Сондықтан ол жұмыс берушілер мені тағы да қысқартуға ұшыратып тастаудың амалын қарастырып жатқан сияқты дейді.Ал, бөлімше басшылары мекемеде еңбек тәртібі қатаң сақталатынындығын, қызметкерге жағдай жасалып отырғандығын айтып ақталуда.Темір жол вокзалының басшылығы да Жанна Жасамбаеваға бұрынғы жұмыс кабинетін қайтарып бермегендерін айтып отыр. Себебі- қойма бұнан бұрын басқа ауданға көшірілген.
Количество показов: 384
Дата создания: 19.10.2023 01:22:09