Туберкулезді емдеудің жаңа әдістері қолданылуда
Дәрігерлердің айтуынша, мына шағын ғана түтіктің мүмкіндігі мол. Өкпе туберкулезінен емдеуде кеңінен қолданылып келеді. Бронхоблокатор деп аталатын бұл құрал өкпеге енгізіледі. Медициналық аппараттың ағзаға кері әсері жоқ. Резеңкеден жасалған. Өкпеге енгізілген құралмен науқасты бақылай алады. Бронхоблокатор клапандарын орнату облыс медицинасында былтырдан бері қолданылып келеді. Әзірге тек тәжірибе жүзінде ғана. Былтыр аппарат 4 науқасқа енгізілген. Жуырда нәтижесі белгілі болады. Ал бір бронхоблокатордың құны- 30 мың теңге тұрады. Облыста туберкулезге шалдыққандар көрсеткіші 2012-ші жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеген. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімовтің айтуынша, қазір 577 науқас ем қабылдап жатыр. Балалар арасында дертке шалдыққандар деңгейі екі есеге кеміген. Диспансердің бас дәрігері облыстағы ахуалдың жақсаруын материалдық-техникалық базаның жақсаруымен, тиімді дәрі-дәрмектердің қолданылуымен байланыстырады. Дәрі-дәрмек қоры 3 жылға алдын ала жоспарланады.
Болашақта облыстық туберкулезге қарсы диспансер қаладан оқшауланады. Емдеу мекемесіне арналған ғимарат Жаңақоныс ауылынан пайда болады. Жаңа диспансер 400 орынға есептелмек.
|
Количество показов: 1986
Дата создания: 14.01.2014 19:39:42