Тозған лифтпен жүру үрейлі болып тұр
Қаламызда 1867 көпқабатты үй бар. Соның 659 ы жеделсатымен қамтылған. Жеделсатының жағдайын 3 жылда бір рет техникалық тексерістен өткізіп, жөндеу жұмыстары керек болса өтініш жазу керек. Биыл жоспарға сай 93 жеделсаты ауыстырылу керек. Қазір оның 65 іғана жөндеуден өткен.Жөндеу жұмыстар тұрғындардың келісіміен жүзеге асады. Егер тұрғындар жөндеуден бас тартқан жағдайда, оған бөлінген қаражат мемлекетке маңызы бар объектілерге жұмсалады. Дегенмен апаттық жағдайлардың алдын алу үшін жыл сайын тексеріс жасап тұру қажет,- дейді мамандар.
Естеріңізге сала кетсек 2021 жылдан бастап көпқабатты үйлерді күрделі жөндеуге және жеделсатыларды ауыстыруға жалпы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2,2 млрд теңге бөлінген. Оның ішінді 1,4 млрд теңгеден астамы жеделсатыларын жаңғыртуға арналған.
Количество показов: 401
Дата создания: 22.09.2023 01:32:21