Өткен жылы облыста 51 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Өткен жылы облыста 51 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Былтыр салынған 23 нысанның құрылысы "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, 13 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, білім беру саласында 10, денсаулық сақтау саласында 8, мәдениет саласында 2 нысан құрылысы аяқталып, қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. Ал, спорт саласындағы 3 нысан салынып болмай, биылғы жылға ауысып отыр. Мұндай деректерді бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы келтірді. Өңірде өткен жылы "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы аясында да 10 нысанның құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша оның 9-ы пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 2 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 4 дәрігерлік амбулатория және 1 медициналық пункт құрылысы толығымен аяқталды. Аяқталмай қалған жалғыз жоба - әкімшілік нысан құрылысы ағымдағы жылға ауыстырылды.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі аясында өткен жылы қарашада 1 құрылыс компаниясына бірыңғай оператордың кепілдігін алған. Жалпы басқарма есебі бойынша өткен жылғы жоспарлы жұмыстар артығымен орындалды. Атап айтсақ, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспар 114 %, құрылыс-монтаждау жұмыстары 104% орындалды. Ағымдағы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Жоспарға сәйкес биыл өңірде 149 әлеуметтік нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, 65 нысанға жобалық- сметалық құжаттама әзірленуде.
Количество показов: 839
Дата создания: 28.03.2022 19:02:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>