Өткен демалыс күндері облыста қар құрсауында қалған 86 жолаушы құтқарылған
21-ші наурыз күнгі қатты боранда Ырғыз ауданының Жаныс би ауылынан тоғыз шақырым жерде адасып кеткен шопан табылған. Күндіз Доңғалақ қыстағынан шыққан 57 жастағы шопан кері қайтуға жол таба алмай, адасқан. Кешқұрым ғана табылған малшы дін аман. Осындай жағдай Қобда ауданының Жаңатаң қыстағында қайталанған. 47 жастағы ер адамды құтқарушылар бір тәулік бойы іздеген. Бабатай ауылының маңында табылған шопан тоңып қалмас үшін ықтап жүре берген. Айта кетелік, облыс аумағында бұрқасынды ауа райы бәсеңдеуіне байланысты қазір барлық тас жолдар ашық. Бағыттарға көлік қатынап жатыр.
Количество показов: 605
Дата создания: 24.03.2022 18:07:56