Елде тұрғын үй бағасы маусым айында тағы да 20 пайызға дейін қымбаттап кеткен. Ұлттық статистика бюросының хабарламасында көрсетілген ақпаратты жергілікті жылжымайтын мүлік агенттіктері де растап отыр. Еліміз бойынша жаңадан салынған тұрғын үй құны осы жазда 20 пайызға дейін көтеріліп кеткен. Басты себептердің бірі құрылыс материалдарының қымбаттауы. Бірақ ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша ескі пәтерлердің бағасы да осы деңгейде қымбаттаған. Мәселен, ескі үйлердегі пәтерлердің құны өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда 26,8 пайызға көтеріліпті. Сонымен қатар, жалдау құны да 21 пайызға дейін өскен. Зейнетақы қорынан ақша алушылар саны азайған уақытта тұрғын үй нарығында тұрақтылық байқалды. Бірақ бір ай өтпей жатып баға қайта шарықтап кетті, дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің мамандары. Жаз айларында қалаға көшіп келушілер көбейеді. Осы кезде жылжымайтын мүлікке сұраныс артып, баға көтерілуі заңды, дейді риелторлар. Облыс орталығында пәтер жалдау құны да 20 пайызға қымбаттап кеткен екен.
Қазір қалада жаңадан салынған үйлердегі пәтерлердің шаршы метрі 250 мың теңгеден басталады. Облыс орталығындағы 8-ші ықшам аудан мен Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан үйлер үлкен сұранысқа ие. Сондықтан осы аудандардағы ескі пәтерлердің бағасы да жаңадан салынған үйлерден кем түспейді, дейді мамандар. Тұрғын үй сатып алушылардың дені әлі де ипатекалық қызметке жүгінеді. Қазір банктердің ипотекаға үстеме ақысы 16 пайыздан басталады. Тіпті жылдық үстеме ақыны 30 пайызға дейін көтеріп жіберген екінші деңгейлі банктер де бар көрінеді.
Количество показов: 660
Дата создания: 11.07.2022 18:31:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>