Терможаңғырту қайта басталады
Былтыр 1 жыл бойы уақытша тоқтаған үйлерді терможаңғырту бағдарламасы облыста биыл қайта жалғасады. Қалалық тұрғын үй инспекциясы республикалық бюджеттен қаражаттың аударылуын күтіп отыр. Қалада күрделі жөндеу кезегінде 87 үй тұр. Осы жылы 15 үй жаңартылады. Соның бірі А. Иманов көшесіндегі №16-шы үй. Шатырдан аққан су мен кәріз суына толған жертөле иісінен қажыған тұрғындар жөндеу жұмысын тағатсыздана күтіп отыр. Үй пайдалануға берілген 1986-шы жылдан бері бір де бір жөндеу көрмеген. Тұрғындар төбені бірнеше мәрте өздері жөндеуге оқталған. Алайда еңбектері зая кетті. Бар үміт терможаңғырту бағдарламасында. Терможаңғырту бағдарламасының шарттары бұрынғысынша. Тек тұрғындардың ақша төлеуден жалтармауы үшін келісім шарт үйге жөндеу жұмысы басталар алдында жасалады. 2011-ші жылы қалада терможаңғыртудан 55 нысан өтсе, 2012-ші жылы 28 үй күрделі жөнделді. |
Количество показов: 1851
Дата создания: 07.04.2014 18:05:50