Теннис жаттықтырушыларының республикалық форумы өтті
"10 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған теннис" бағдарламасы Ақтөбеде 10 жыл бұрын балабақшаларда енгізілді. Шаһардағы 15 мектепке дейінгі ұйымның 250 тәрбиеленушісі теннистің қыр-сырын меңгеріп жүр. Бағдарлама нәтижесі жақсы. Балғын теннисшілердің дені қазір Кірпішті ауылындағы теннис орталығында жаттығып жүр. Тенниске деген ақтөбеліктердің қызығушылығы жыл санап артып келеді дейді жаттықтырушы. Балаларын балабақшадан орталыққа алып келгеннен кейін ата-аналардың да көзқарастары өзгерген. Бағдарлама бойынша бүлдіршіндерге теннис былтыр күзге дейін балабақшаларда үйретіліп келді. 2018 жылдың қазанында теннис орталығы ашылғаннан кейін осында жаттығады. Аптасына 4 рет спорттың бұл түрі тегін үйретіледі. 5-7 жас аралығындағы балалар қабылданады. 10 жасқа дейін спортты меңгереді. Ал, бүгінгі форумда үздік спортшылар мен үздік жаттықтырушылар марапатталды.
Количество показов: 935
Дата создания: 05.08.2019 18:28:39