Теміржолдан ер адамның денесі табылды
Темір жол бойында жыл басталғалы алғашқы төтенше оқиға тіркелді. Осыдан 3 тәулік бұрын Тұрғындар қалашығы ауданында рельс үстінен 50 жастағы қала тұрғынының мүрдесі анықталды. Ер адамды пойыз басып кеткен. Қаза тапқан кісінің мүрдесі мәйітханада жатыр. Ал іс бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл іске қатысты бірқатар түсініксіз жағдайлар бар. Оқиға кездейсоқ орын алды ма, әлде 50 жастағы ер адам суицид жасады ма? Сол маңмен өткен пойыз машинисті оқиға орын алардан бұрын Ақтөбе-1 бекеті кезекшісіне темір жол бойында бөгде ер адамның жүргендігін хабарлаған. Әрлі-берлі кезіп жүрген кісіні одан кейін өткен пойыз машинисті де байқап, хабар берген. Былтыр пойыз астына түсіп, 3 адам мерт болған. Үш жағдайда да олардың мас болғандығы анықталды. Темір жол қызметкерлері қала тұрғындарына кезекті рет ескерту жасайды. Шойын жолды белгіленбеген жерден кесіп өту өміріңізге қауіпті. Темір жол бойында жүру және ойнауға тиым салынады. |
Количество показов: 1905
Дата создания: 19.03.2014 18:03:58