"Телефон террорисі" іздестіріліп жатыр
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов жалған ақпарат таратушы ұсталса, 5 жылға бас бостандығынан айрылатынын мәлімдеді. Осы 6 бірдей мектептегі 3 400 баланың сабағы 1 сағатқа тоқтатылды. Жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпараттың жалған екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана мектептерде оқу процесі қайта жалғасты.Айта кетейік, өңірде мұндай жағдай бірнеше рет қайталанды. "Телефон террористері" құрыққа ілінбей қоймайды, дейді полиция департаментіндегілер.
Количество показов: 617
Дата создания: 02.09.2021 19:15:56