Танысын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Тәртіп сақшылары Бестамақ ауылына кіреберісте тоқтатқан қара-көк түсті "Лексус GS300" маркалы көліктің ішіндегі үш жігіттің әрекеті күдік туғызыпты. Машинаны тексеру барысында олардың біреуі ауруханаға апарып тастаған жігітті пышақтағанын мойындаған. Өзара керіс кезінде пышақ сұғып алады. Зардап шегуші есін жимастан қайтыс болған. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау қапасына қамалды. Қазір "Адам өлтіру" бабымен тергеу жүріп жатыр. Ал қаладағы көлік жуу орталықтарының бірінің жұмысшысы жұмыс орнын үптеп кеткен. Бірақ, ол да алысқа ұзамай ұсталды. Ұсталған ұрыдан айғақ заттар тәркіленіп, тергеу жүріп жатыр.
Количество показов: 882
Дата создания: 08.10.2019 22:46:21