Тұңғыш Президент күні қарсаңында ақтөбеліктер баспаналы болды
Бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин Тұңғыш Президент күні қарсаңында көп балалы отбасылар мен жетім балаларға пәтер кілттерін табыстады. Жаңа пәтерлер "Нұр Ақтөбенің" 4-шағын ауданындағы көпқабатты үйлерден берілді. Сондай-ақ ол жаңадан іске қосылған өндіріс орындары, мәдениет ошақтарын аралап, тұрғындармен де кездесті. Ақтөбеліктер қос мерекені қатар атап өтті. Олар Тұңғыш Президент күні баспаналы болды. Бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға пәтер кілтін табыстады. Жаңа пәтерлер "Нұр Ақтөбенің" 4-шағын ауданындағы көпқабатты үйлерден берілді. Қоныс тойын тойлаушылардың бірі ақтөбелік Әнуар Кенжеғұлов. 13 жылдан бері үй кезегінде тұр. Бүгінде екі бөлмелі пәтерге ие болды. Енді ол отбасын құрып, үйдің ішін сәби күлкісімен толтырсам, дейді. Сондай-ақ қаламызда "Зерде Керамика Ақтөбе" ЖШС-нің 1-кезеңі іске қосылды. Енді Ақтөбеде шығарылған өнімдерге сұраныс артады. Зауыт жылына 5 млн шаршы метр керамикалық плиткалар шығаруға қабілетті. Компания алдағы уақытта импортқа деген тәуелділікті жояды. Серіктестік өндірілген керамикалық плиткалардың 40 пайызын Ресейге экспорттамақ. Өндіріс орнының 2-кезеңі келесі жылы наурызда іске қосылады.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жөндеу жұмысы аяқталған "Сазды" мәдениет үйінде болды. Ғимарат 3 жылдан соң күрделі жөндеуден өтті. 122 миллион теңгеге шатыр, жылу жүйесі мен электр желілері жаңартылды. Осы мәдениет үйіндегі 9 үйірмеге 250-ден астам оқушы қатысады. Сондай-ақ Сазды ауылында футбол алаңы салынатын орын анықталды. Спорт нысанының құрылысы келесі жылы қолға алынады. Облыс басшысы мереке қарсаңындағы қуанышты жаңалықтарға тұрғындармен бірге куә болып, құттықтауын жеткізді. Халықтың өтінішін тыңдап, жауаптыларға тапсырма жүктеді.
Количество показов: 919
Дата создания: 30.11.2021 20:06:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>