Төтенше жағдай қызметкерлері пеш жағатын үйлерді аралады
Бүгін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шаһардың іргесіне жақын орналасқан саяжайларда рейд жүргізді. Бау-бақша ұжымдарындағы үйлердің біразы әлі күнге дейін пешпен жылытылады. Мамандар қыста от жағатын үйлердің ошақтары мен мұржаларын тексеріп, ата-аналарға балаларға абай болу, өрт қауіпсіздігі ережелерін естен шығармау туралы кеңес берді. Өрт қауіпсіздігі туралы жазылған жадынамалар таратты. "Жаңа құрылыс" саяжайындағы баспаналарды қарап шыққан төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірнеше кемшіліктер тапты. Біраз үйлердің жылыту пештері шұрық-тесік, мұржалар дұрыс орнатылмаған. Жарық сымдары бекітілмеген. Көп үйлерде өртке қарсы дабыл қондырғылары орнатылмаған. Бүгін қалалық төтенше жағдайлар басқармасы есебінен 30 үйге дабыл қондырғылары үлестірілді. Рейд барысында мамандар тұрғындарға иіс тиіп улану оқиғаларының алдын алу шараларын да түсіндірді. Үйлерін ошақпен емес, табиғи газбен жылытып отырған жер үйлерге де бас сұқты. Өрттен сақтануға шақыратын парақшалар таратты. Негізінен қала іргесіндегі 100-ден аса бау-бақша ұжымдарында дені от жағатын үйлер орналасқан. Саяжайларда мыңдаған сәбилер өсіп келеді. Бүгін мамандар балаларға өрт болған жағдайда "101" немесе "112" нөмірлерін теруді үйретті.
Рейд барысында өрт сөндірушілер саяжай үйлерін жалға алып отырған бірқатар отбасылардың есіктерін де қақты. Тұрғындарға өздерінің сақтығы үшін әркез қырағы болуды ескертті.
Количество показов: 694
Дата создания: 24.08.2022 18:43:41
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>