Нарықтық бағдан екі есе арзан шетелдік су жаңа көліктер кедендік тіркеуден өтпесе де елімізге әкелініп жатыр. Ал алдағы уақытта көлік иелері бұл мәселені қалай шешпек. Ақтөбеліктерге осы және өзге де мәселелер жөнінде кеңірек мағлұмат беру үшін облыстық Әкімшілік полиция басқармасы 2 күндік "Жолда қабылдау" акциясын өткізіп жатыр.Заңды түсінбей жол ережесін бұзудың алдын алу үшін осындай акция өткізуге тұрғындардың өздері қоңырау шалып, ұсыныс тастаған. Сөйтіп, көкейлерінде жүрген: көлік сатып алу, көлік жүргізу куәлігін алу, әкімшілік айыппұл төлеудің оңтайлы жолы қандай деген сауалдарына жауап алды. 30-дан астам адам өз көліктерінің кедендік тіркеуден өтпегенін айтып, алдағы күндері қандай заңды амалдар жасауға болатынын сұрады.
Акцияға қатысып, сұрақ қойғандардың арасында досының көлік жүргізу куәлігін алып кетуге келген Медғат есімді азамат та бар. Ол 13 жылдан бері көлік айдап, такси жүргізіп күн көреді. Бірақ, соңғы кездері «Сергек» камерасына жиі түсіп қала беретін болған. Сондықтан, қала ішіндегі жолдарға әлі де болса жылдамдық мөлшерін көрсетіп тұратын белгілерді жиі-жиі орнатса деген ұсыныс айтты. Мамандар өздеріне жолыққан азаматтарға шетелден әкелінген көліктерді алдымен кедендік рәсімдеуден өткізу керектігін, көліктерге салық кодексі бойынша алғашқы тіркеу төлемін жасау, экология кодексіне сәйкес қайта өңдеу ақысын төлеу қажет екенін айтып, түсіндірді.
Количество показов: 1034
Дата создания: 17.05.2019 18:39:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>