Тәртіп кеңес тағы 3 жемқордың ісін қарады
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң мемлекеттік қызметкерлердің осал тұсы. Облыстық тәртіптік кеңес отырысында осы заңның бұзылуына қатысты бірнеше іс қаралады. Бүгін комиссия қараған 4 мәселенің үшеуінде мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Мемлекеттік қызметкер де ел алдында жүретін адам. Сондықтан аяқты аңдап басқан абзал. Көз тігіп отырған адамдар көп. Оның үстіне облыстық кедендік бақылау департаментінің басқарма басшысына көлікті мас күйінде айдап, жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан жол-патрульдік полиция қызметкеріне жұмыссызбын деп жалған ақпарат беру жараспас. Ал болған жайды тәртіптік кеңеске Мақсат Қуандықовтың бұрынғы жұбайы жеткізсе керек. Қуандықовқа сөгіс жариялаған комиссия алдымен отбасындағы жағдайларын реттеп алуға кеңес берді. "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімі" ММ басшысы Нұрхан Ерғалиев және оның орынбасары мен сектор меңгерушілеріне қатысты әкімшілік іс қаралды. Олар мемлекеттік сатып алуға қатысты байқау талаптарын бұзған. Бұл мекеменің басшысынан бастап, қол астындағы қызметкерлерге дейін жиналысқа келмеді. Істі қарау келесі отырысқа қалдырылды.
Количество показов: 1701
Дата создания: 01.07.2014 19:07:06