Тәртібі нашар балалар азайды
Кәмелеттік жасқа толмағандардың тәртібі түзеліп келеді. Ішімдік пен есірткіге әуестердің саны азайған. Ең бастысы - диспансерлік тіркеуде бірде-бір баланың жоқтығы. Дәрігерлердің айтуынша, бұл-үлкен жетістік. Соңғы үш жылда мұндай құбылыс байқалмаған.
Спирттік ішімдіктің, есірткі мен психотроптық заттардың ағзаға зиянды екені аз айтылып жүрген жоқ. Акциялар да ұйымдастырылды. Жастардың назарын аудару үшін жадынамалар да таратылды. Медициналық ұйымдардың жанынан арнайы кабинеттер ашылды. Диспансерлік есепте тұрғандар санының азаюына атқарылған шаруалардың да септігі тиді дейді дәрігерлер. Дегенмен, қуануға әлі ерте. Диспансерлік есепте жоқ болғанымен, ұстаздардың, инспекторлардың көзіне масаң күйінде немесе ағзаға теріс әсер ететін затты пайдаланып көзге бір мәрте түскендердің есімі профиликатикалық тізімге енгізіледі. Мұндай балалардың саны облыс бойынша - 139. Көбісі-мектеп оқушылары. Олармен арнайы мамандар әңгіме-дүкен құрады. Қаладағы оқушыларының тәртібі нашар білім ордаларын №16 мектеп бастап тұр. Аталған білім ошағының 5 баласы профиликталық есепке алынған. Комиссияның отырысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары туралы баяндаған қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева қаладағы №29 мектептен үйрену керек деді. Әуе қалашығындағы бұл мектептің бірде-бір оқушысы өрескел тәртібімен көзге түспеген.
|
Количество показов: 2098
Дата создания: 19.12.2013 19:04:00