Түрмеге спирт өткізбек болды
Түзету орындарына тиым салынған заттарды әкелу деректері тиылмай тұр. Кеше КА-168/1 түзету мекемесінде айыпты ретінде ұсталып отырған бір азаматқа туысқандары сәлем-сауқат беріп жіберген. Оның ішінен минералды судың құтысына құйылған бір жарым литр спирт тәрізді сұйықтық табылды. Абақтыға күніне 70-тен көп сәлемдеме әкелінеді. Қабылданар алдында сәлем-сауқат салынған дорбалар өлшеніп, ішіндегі заттары тізім бойынша түгелденеді. Содан кейін бақылаушылар тағамдарды мұқият тінтеді. Айран, сүт құйылған құтылар ашылып, тамақ, салат салынған ыдыс ақтарылып тексеріледі. Сәлемдеме жолдаушылар тиым салынған затты тіпті шоколадтың ішіне тығуы мүмкін. Ескертулер айтылып, сәлемдемелердің жіті тексерілетіндігіне қарамастан, тұрғындар түзету орындарына тиым салынған заттарды әкелуді доғарар емес. Кеше кешке КА-168/1 түзету мекемесінде айыпты ретінде ұсталып отырған бір азаматқа туысқандары сәлем-сауқат беріп жіберген. Оның ішінен минералды судың құтысына құйылған бір жарым литр спирт тәрізді сұйықтық табылды. Сәлемдеме абақты ішіне өткізілген жоқ. Жыл басынан бері «бесінші» түрменің қызметкерлері әкелінген сәлемдемелердің арасынан 35 дана пышақ секілді кесу-шаншу құралын, 30 мың теңгеден асатын ақша, 20 грамм есірткі және 35-тен астам ұялы телефон тауып, тәркілеген. Темір тордың арғы жағындағыларға тамақ беріп жіберу ережесін бұзған 45 адам әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төледі. Мекемеде жақында қосымша тінту бекеттері орнатылды. Абақтыдағыларға арнап әкелінген азық-түлік, киім-кешектер енді арнаулы құралдардан өткізіліп, тексеріледі. |
Количество показов: 2499
Дата создания: 07.12.2013 00:11:40