Тұрақтандыру қоры қоймасы көкөністерге толтырылды
Қала іргесіндегі "Пригородный Ауылшаруашылық" ЖШС қалалық тұрақтандыру қорының негізгі серіктесі. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан картоп, сәбіз биыл бітік шыққан. Қоймаға күз басталғалы 1200 тонна картоп, 136 тонна сәбіз жиналған. Тұрақтандыру қоры "Пригородный" серіктестігінен картоптың келісін 62 теңгеге, сәбізді 64 теңгеге сатып алды. Кейін базар және дүкендерде бұл өнімдер 10-15 пайыздық өсімақымен сатылады. Мұнда өнімдерді сұрыптаумен 15-ке жуық адам айналысады. Бүгінгі таңда қорда ұнның 1060 тоннасы, күріштің 40 тоннасы бар. Ал елдің өзге аймақтарынан 20 тонна қарақұмық, 300 тонна пияз, 150 тонна қырыққабат жеткізілмек. Себебі биылғы қуаңшылыққа байланысты аталған көкөністердің түсімі аз.
Количество показов: 559
Дата создания: 03.11.2021 17:45:35