Тұрғызылғанына 6-ақ жыл болған үйдің лифттері сапасыз болып шықты
Тұрғызылғанына 6-ақ жыл болған үйдің лифттері сапасыз болып шықты.Батыс-2 ауданындағы 9 қатарлы үйде 8 айдан бері жеделсатылар жұмыс жасамай тұр. Тәуелсіздік көшесіндегі №13-ші үйдің жоғары қабатында тұратын қарттар мен сырқаттар жерге түсуден қалған.
Тәуелсіздік көшесіндегі бірнеше ғимараты бар 13-ші үйдің тұрғызылғанына алты-ақ жыл болған. Құрылысты жүргізген "Соллерс" компаниясы. Бұл компанияның үй сапасына берген екі жылдық кепіл мерзімі біткен. Сондықтан тұрғындар бұл компаниядан енді ештеңе талап ете алмаймыз, деп отыр. Үй кешенінің осы ғимаратында лифт жасамай тұрғанына 1 жылға жуықтаған. Жоғары қабатта тұратын қарттар мен мүгедектер жерге түсе алмай отыр.
Өзге подъездерде де жеделсатылар істен шығып, жөнделген. Ал, мына жеделсатыны іске қосу үшін миллион теңге қаражат қажет екен.
Үй пайдалануға берілген соң тұрғындар жеделсатыларды күтіп ұстауды "Ақтөбе-Қызмет" деп аталатын компанияға сеніп тапсырған. Бірақ бұл мекеменің жауапкершілігі төмен болғандықтан, тұрғындар қызметінен бас тартқан. Тұрғындар өздері құрған мүлік иелері бірлестігі арқылы бірнеше компанияға өтініш білдіріпті. Бірақ барлық компания бұл үйдегі лифтілерге қызмет көрсетуден бас тартыпты.
Количество показов: 815
Дата создания: 07.02.2023 11:45:10