Тұрғындарда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп жатыр
Тұрғындарда қалдықты сұрыптау мәдениеті жоқ. Оған қоқыс алаңдарындағы жағдай дәлел. Контейнерлерге тұрмыстық қалдықтан бөлек, сынған техника, бөтелкелер, құрылыс материалдары мен ескірген жиһазға дейін шығарылады. Билік өкілдері мұндай азаматтармен енді БАҚ арқылы күреспек. Теледидар мен қоғамдық көліктерде көрсететін әлеуметтік роликтер әзірлеуде. Ақтөбеліктер қаламыз таза емес деп жиі шағымданады. Бірақ, өздері тазалыққа үлес қосуға құлықсыз. Ақтөбеліктердің дені ағашты , құрылыс материалдарын, тіпті үйдегі мүліктері мен сынған техникасын да тұрмыстық қалдықтар санатына қосып тастаған. Қоқыс жәшігіне сыймаса да, керек еместің барлығын осында шығарып тастауды тоқтатар емес. Одан қалды тұрмыстық қалдықты буылған, түйілген күйі емес, шелекпен келіп қотара салатындары да бар.
Ірі, қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрғындар полигонға өз күшімен тасуы керек немесе ақылы қызметке жүгіну шарт. Коммуналдық кәсіпорындар ірі, қатты тұрмыстық қалдықтар үшін жауапты емес. Қаланы таза ұстау алдымен тұрғындардың өз қолында. Қарапайым тұрғындар жергілікті билік өкілдерін тыңдағысы келмейді. Мәселені шешудің жалғыз жолы, халықтың санасына әсер ету дейді әкімдіктегілер. Ескі қала, Құрмыш пен Сүт зауыты аудандарына қоқыс шығарушы екі мекеме қызмет етеді. Олар-"Таза Қарғалы" мен "Клин сити" компаниялары. "Алматы" ауданында барлығы 215 қоқыс алаңы бар. Қазір мұнда ескірген немесе өртенген қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.
Количество показов: 724
Дата создания: 15.09.2022 18:53:00
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>