Гришин көшесіндегі №72 үйдің тұрғындары бүгін редакциямызға шағымданды. Жыл сайын қиындықтардан арылмаймыз дейді. Қыстың көзі қырауда жылусыз отыр. Барлығына пәтер иелері кооперативін кінәлайды. Гришин көшесіндегі №72 үй кеңес дәуірінде салынған. Шағын отбасыларға арналған жатақхана есебінде. Бірақ, тұрғындары баспаналарын жекешелендіріп, бірнеше жылдан бері пәтер иелері кооперативіне тіркелген. 120 пәтер бар мұнда. "Туған жер" кооперативінің төрағасы бірнеше рет ауысқан бірақ, бірде біреуі тұрғын үйге дұрыс қарамапты. Бүгін тұрғындар өздерінің тоңып жүргендерін жеткізді. Пәтерлерінде жылу жоқ. "Қыста қалай жылы отырамыз" деген сауал тұрғындарды жыл сайын мазалайды. Өз күштерімен жылу құбырын ауыстырғанымен нәтиже болмаған. Пәтер иелері кооперативі төрағасынан көмек болмағасын қалалық әкімдікке де, Нұр Отан партиясына да арызданған. Барлық құжаттары қолдарында жүр. Жертөлені тексерген акт та, СЭС-тің берген қорытындысы да бар. "Туған жер" пәтер иелері кооперативіне мәселенің мән-жайын біолмекке бардық. Алайда, төрағасы Амандық Өтебайұлы жұмыс орнында болмады.
Тұрғындардың сөзінше, ол тілшілердің келетінін естіп, аяқ астынан есіктерге бүгін кешке жиналыстың болатынын жазып, хабарландыру іліп кеткен. Гришин көшесіндегілермен уачскелік инспектор, Трансэнерго АҚ өкілдері кездеспекші. АЛ, тұрғындар бізге кооператив төрағасы енді қажет емес деп отыр. Өзіміз кіріссек барлығына қол жеткіземіз деп сенімді.
Количество показов: 839
Дата создания: 05.11.2019 18:43:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>