Тұрғындар темір жол вокзалы іргесіндегі 8- март көшесінің тазалығына алаңдаулы
Темір жол вокзалы іргесіндегі үйлер тұрғындары көшелерін жарықтандырып, бейне-бақылау камераларын орнатуды сұрайды. Әйтпесе үйлер маңында тәртіп пен тазалық орнату мүмкін болмай тұр. Тұрғындар темір жол вокзалы іргесіндегі 8- март көшесінің тазалығына алаңдаулы. Әсіресе осы көшедегі №16а ,18а үйлері маңы өте ластанып кеткен. Бұл үйлердегі пәтерлердің көбі жалға берілетіндіктен тәртіп орнату қиынға соғып тұрған көрінеді. Мына барақ тектес жер үйлердің маңы да осылай үнемі шашылып жатады екен. Қалалық әкімдікке талай шағым түсірдік, бірақ одан қайран болған жоқ, дейді тұрғындар.Осыдан біраз уақыт бұрын вокзал іргесіндегі үйлердің арасына тротуар төселген екен. Бірақ, жарықтандырылмағандықтан жүру қауіпті. Ал темір жол вокзалы маңы мастар мен үй-күйсіз адамдардың мекені.
Количество показов: 645
Дата создания: 17.05.2023 08:32:11