Тұрғындар сапасыз жөндеу жұмысының ақшасын қайтарудан бас тартты
Былтыр Сәңкібай батыр даңғылындағы № 157 - ші 5 қабатты тұрғын үйде басталған терможаңғырту жұмыстары аяқсыз қалды. Жобаға кіргенімен құрылысшылар үйдің жертөлесін жөндемей кеткен. Кәріз, су құбырлары шіріп, нәжіс иісі пәтерлерді шарлап кеткен. Ал пәтерлерде бұраннан лай су ағады. Тұрғындар 7 жыл бойы айына 7 мың теңге төлеуден бас тартып жатыр. Гүлжая Елеусізова Сәңкібай батыр даңғылындағы № 157 - ші үйдің тұрғыны. Бұл үйде тұрып жатқанына 1 жылдай уақыт болған. Айтуынша, термомодернизация бағдарламасымен үйге жөндеу жұмыстары былтыр мамыр айында басталып, тамыз айында аяқталған. 3-4 ай ішінде мердігер мекеме- "Самұрық құрылыс" ЖШС - нің құрылысшылары үйдің шатырын жөндеп, қабырғаларын әктеген. Ал жертөлені жөндеу жобаға кіргенімен, атқарылмаған. Енді қазір жөртеледен нәжіс иісі 5 қатарлы үйді жайлап кеткен. Айта кету керек 120 пәтер иесі терможаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылған жөндеу жұмыстарына 7 жыл бойы ай сайын 7 мың теңгеден төлейді. Гүлжая Елеусізованың айтуынша, ыстық судың да жайы мәз емес. Су лайланып кете береді. Жертөле ылғал тартып тұрғандықтан көп қатарлы үйдің іргетасы отыра бастаған. Мәселенің жай - жапсарын терможаңғырту бағдарламасының үйлестірушісі "Ақтөбе" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ өкілінен сұрадық. Белгілі болғандай, жөндеу жұмысының сапасына 2 жылға кепілдік берілген. Кепіл мерзімі әлі аяқталмағандықтан, үй тұрғындары сапасыз жөндеу жұмысына шағымдана алады. Сәңкібай батыр даңғылындағы № 157 - ші үйді жөндеуге 58 млн теңге жұмсалған.Количество показов: 834
Дата создания: 13.02.2023 12:35:41