Тұрғындар қоқыс жәшіктерін құрылыс қалдықтарымен толтырады
Қазір құрылыс маусымы басталды. Әр аулада құрылыс материалдары мен ескірген жиһаз тау болып үюлі тұр. Оған арнаулы техника жалдауға әркімнің қалтасы көтермейді. Әкімшілік қызметкерлерінің айтуынша, бір рейстің өзі 10 мың теңгенің көлемінде. Тұрғындар болса, қоқыс жәшіктері ғана тазаланып, маңайы біразға дейін шашылып жататынын айтып, наразы. Коммуналдық мекеме өкілдері қоқыс жәшіктерінің бәрі кестеге сай уақытында тазаланып жатқанын айтады. Дегенмен, тез толатынын да мойындайды. Ал оған пәтер иелерінің үйдегі адам санын азайтып көрсетуі себеп. Ал контейнерлер болса адам санына сәйкес қойылады. Егер күл-қоқыс дер кезінде шығарылмаса, "109" нөміріне шағым түсіруге болады, дейді жауапты мамандар.
Количество показов: 699
Дата создания: 27.06.2022 18:59:58