Тұрғын үй қалашығындағы реновациядан өткен үйлердің қабырғасы сөгіле бастады
Көршісінің сөзін Татьяна Хафизова да жалғады. Байырғы тұрғын үш ай бұрын үйге жасалған жөндеу жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Бүкіл аудан тұрғындары реновация бағдарламасымен тұрып жатқан үйлерін жөндетуге келіскендеріне өкініп қалған. Тұрғын екі-үш қайта хабарласқаннан кейін ғана пәтерге құзырлы орган өкілдері бас сұғып кеткен. Хаттама толтырғандар жуынатын бөлмеге кіруге болмайтындығын ескертіпті. Қақаған қыста мұндай жағдайға тап болған тұрғын енді қандай әрекетке бару қажеттігін білмей отыр. Бала-шағасымен туысқандарының үйіне баруға да қысылады. Бар үміті жөндеу жүргізген мекеме жұмысшыларында. Олар көп ұзамай келіп, төбені жамап береді дегенге сенуден басқа амалы жоқ.
Количество показов: 565
Дата создания: 06.12.2021 17:58:48