Түлектер жұмысқа орналасты
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін биыл 2 мыңға жуық түлек тәмамдайды. Олардың бәріне жұмыс табыла ма? Бүгін оқу орнында педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған түлектерді еңбекке орналастыру шарасы өтті. Университетті биыл 53 мамандық бойынша 1 мың 939 студент бітіреді. Соның үштен бірі - мұғалімдікке оқығандар. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шамшат Шалабаеваның айтуынша, қазір облыстағы мектептерге 398 мұғалім керек. Оның ішінде 308 маманды ауылдық білім ордалары сұратып отыр. Атап айтсақ, математик-ұстаздарға сұраныс жоғары: 65 орын бар. Қазақ мектептерінде орыс тілі пәні, физика, химия, бастауыш сынып мұғалімдері де тапшы. Ағылшын тілінен сабақ беретін 35 педагог керек. Ауылға жол тартатын жас мамандарға бұрынғыдай мемлекеттің көмегі бар. Бір реттік үстеме ақы және баспана сатып алу үшін берілетін төмен пайызды несие. Бітіруші студенттер бүгін аудандық білім бөлімі өкілдерімен кездесіп, жұмыс жайын білісті. |
Количество показов: 1890
Дата создания: 11.04.2014 18:46:01