Сыйақыға қару қабылдау басталды
Заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды жоюға қатысты республикалық акция қайта жаңғырады. 21-ші сәуірден бастап облыс тұрғындары өз еріктерімен қару-жарақтарды облыстық ІІД-не тапсыра алады. Ондай жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауаптан босатылады. Тіпті, керісінше ақшалай сыйақыға ие болады. Автоматты иір ойықты мылтық түрінің әр данасына 185 мың 200 теңге көлемінде сыйақы тағайындалып отыр. Винтовка және қысқа оқпанды винтовкалар 90 мың теңге шамасында бағаланады. Тапанша, револьверлерге 70 мың теңге сыйақы, травматикалық тапаншаларға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы тиесілі. Сондай-ақ, жарылғыш заттар, гранаталар, миналар, артиллериялық снарядтар, оқ дәрілер қабылданады. Олардың да сыйақысы дайын. |
Количество показов: 2942
Дата создания: 18.04.2014 17:55:46