Сыйақыға қару қабылдау акциясы аяқталуға жақын
Ақтөбеде тұрғындардан заңсыз қару-жарақтарды қабылдау акциясы жалғасуда. Бүгінге дейін тұрғындар өз еріктерімен жеті мың оқ-дәрі, алты жүздей қару тапсырып үлгерген. Алынған қарулардың бір парасы бүгін облыстық ішкі істер департаментінде бөлшектеліп. жоюға жөнелтілді. Қыркүйек айында басталған республикалық жедел алдын алу шарасы аясында жергілікті полицейлер 600-ге жуық қару-жарақ пен оқ-дәрінің көзін жойған. Аймақ тұрғындары үш айда 641 атыс құралын тапсырып үлгерген. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының пешіне жөнелтілетін мына мылтық пен тапаншалар енді металл ретінде ел игілігіне жарайтын болады. Үш айға созылған акция кезінде ақтөбеліктер белсенділік танытып, басқа аймақтармен салыстырғанда, жарылғыш зат пен қаруды көптеп тапсырған. Мұндай бастамалар қанды қылмыстың алдын алуға бағытталған. Бүгінге дейін 62 ойық, 573 тегіс ұңғылы мылтық жиылған. 6 жарақаттағыш тапаншамен қатар 5 келіге жуық жарылғыш зат полицейлер құзырына өтті. Айта кету керек қару-жарақты өз еркімен үкіметке тапсырған тұлғалар ешбір жауапкершілікке тартылмайды, оған қоса тиісті сыйақысын алады. Қарулардың қарымына қарай 25-тен 80 мың теңгеге дейін сыйақы тиесілі. Аталмыш акция қараша айының 31-де аяқталады. |
Количество показов: 1935
Дата создания: 26.11.2013 18:56:48