"Sulpak" электроника және тұрмыстық техника дүкендер желілері кеңейтілді
Бүгін Сәңкібай даңғылы 40 "А" мекенжайында "Sulpak" электроника және тұрмыстық техника дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Жеңілдіктер мекемесінде жаңа ғимараттың іші адамға лық толы. Дүкеннің ашылуына орай үш күн бойы "Kaspi Жұма" 24 айға бөліп төлеу жеңілдігін ұсынып жатыр. Келушілерді жеңілдіктермен, сыйлықтармен және басқа да акциялармен қуантып, түрлі сыйлықтар таратылады. Құны 50 мың теңгеден асатын тауарды сатып алу арқылы сіз бірден бағалы сыйлықтар ұтысының қатысушысы боласыз. Ал 11- 13 қараша аралығында Sulpak дүкенінде дүниежүзілік сауда күніне орай супер жеңілдіктер болады. Шараға жиналған ақтөбеліктердің басым көпшілігі ұялы телефон сатып алуға келіпті. Тұрғындар тұрмыстық техника бағаларына жеңілдік қарастырылғанына қуаныштарын білдіріп жатты.
Кезекті рет лентасы қиылған бұл дүкен Ақтөбедегі 5-ші нысан. Айта кету керек, биыл "Sulpak" электроника және тұрмыстық техника дүкенінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Сулпак желілерінің Қазақстан мен Қырғызстан елдерінде 200-ге жуық нүктелері бар. Кәсіпорын 5500 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Дүкен қорында Samsung, Apple, LG өнімдерінің эксклюзивті үлгілері бар. 4 жылдан бері "Адал" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының мүшесі. Сондай-ақ, "Sulpak" электроника және тұрмыстық техника дүкендер желісі елде еуропалық "Euronics" сатушыларының халықаралық қауымдастығының жалғыз мүшесі болып отыр.
"Kaspi Жұма" науқаны үш күнге, яғни 6-қарашаға дейін созылады. Қазір ұялы телефондарға жеңілдіктер жүріп жатыр.
Количество показов: 733
Дата создания: 04.11.2022 19:14:19