Судьялар тергеушілердің жұмысын сынады
Қылмыстық істерге қатысты кей сот процестерінің кейінге шегерілуі, тіпті мүлдем тоқтатылуына дәлелдердің жетіспеушілігі себеп. Заңсыз жолмен жинақталған дәлелдерді судья жоққа шығаруға мәжбүр. Мұндайда қылмыстың дәлелденбеуінен күдікті сот залынан босатылып жатады. Судьялар бүгін өткен дөңгелек үстел басындағы жиында тергеушілердің жұмысын сынға алды. Қылмыстық іс дәлелдері сотқа өтпестен бұрын прокурорлармен бағаланады. Прокурор жиналған дәлелге қатысты бір заңсыздық анықтаса сотқа жеткізбей дәлелді жоққа шығаруға құқылы. Ал ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде бекітілген нормативке сай, әр дәлелдеменің қандай жолмен алынғандығына, оның анықтығына, дұрыстығына, шынайылығына судья баға береді. Содан кейін барып дәлелдемені сот материалына қосу, қоспауды шешеді. Осылай бірнеше сүзгіден өткен дәлел қоры азайып қалады, тергеушілердің сапасыз жұмысы салдарынан тіпті толығымен жоққа шығарылып жатады. Бұл күдіктінің қылмысы дәлелденген жоқ деген сөз. Судья ондайда қылмыстың дәлелденбеуі себепті күдіктіні босатуға мәжбүр. Бүгінгі жиын барысында тергеушілер өз тарапына айтылған барлық ескертпелерді қабыл алды. Судьялар енді нәтиже күтеді. |
Количество показов: 1934
Дата создания: 28.01.2014 19:11:20