Судың да сұрауы бар
Кешкі сағат 8-ден түнгі 12-ге дейін және таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тұрғындар бау-бақшаларын суарып үлгеруі қажет. Талап бұзылса айыппұл салынады, болмаса судан ажыратылады. Бұл өзгелерге кедергі жасамас үшін. Ал, биыл саяжайларда су тартылып, бақшамызды суару қиындады деп шағымданушылар көбейді. Дегенмен, мәселе қала ішндегі жеке секторларда да жоқ емес. Шағын бау-бақшасын суару үшін су қысымының дұрыс болғаны керек. Алайда, кешке қысым төмендеп кетеді дейді қала тұрғыны Надежда Журавлева. Надежда Журавлева өзі секілді бақша өсіретіндерге осылайша талапты бұзбай кез-келген уақытта бақша суарудың тәсілін айтты. Бақшаны жылы сумен суару үшін арнайы ыдысты кешқұрым суға толтырып қою қажет. Егер әр тұтынушы суды үнемдеп, кесте бойынша бақшаларын суарса мәселенің алдын алуға болады. Дегенмен, шаһарды сумен жабдықтау мекемесі кешкі рейдтерге шығып, жеке секторларды тексеріп тұрады. Бүгінге дейін талапты бұзған 10 жеке тұлғаға қатысты акт толтырылған.
Количество показов: 1798
Дата создания: 07.06.2019 18:57:27