Су тасқынына қарсы тұратын техникалар таныстырылды
Ақтөбе облысында тасқын қаупі төніп тұрған 45 аумақ бар. Айтып келмейтін апатқа құтқарушыларымыз дайын болмаса, ел алапат судың астында қалады. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов көктемгі тасқынға қарсы күреске жұмылдырылатын шұғыл әрекет жасағы мен олардың техникасын қарап шықты. Біздің облыста тасқын қаупі жоғары 45 аумақ бар. Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймалары суға толса, арнасынан тасып, жақын маңдағы үй-жайларды шайып кетеді. Қазір Ақтөбе тоғаны 50, Қарғалы су қоймасы 30 пайызға толы. Сазды су қоймасы әзірге бос. Тасқын қатері Елек өзені бойындағы саяжайлар, ипподром ауданындағы елді мекендерге төніп тұр. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қандай жағдай болмасын, тасқынға қарсы әрекет етуге дайынбыз деп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымов шұғыл ден қою жасағының байланыс бөлімінен бастап, инженерлік барлау, ас әзірлеу және тарату, қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық көмек бөлімдерінің әзірлігін тексерді. Шұғыл ден қою жасағының меншігінде 200-ден астам су соратын көлік, 70 шақты басқа арнайы техника бар. Құтқару шараларына жеке құрамдағы 300-ге тарта маман тартылады. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тағымовтың айтуынша, тасқынмен күреске бюджеттен 91 миллион теңге бөлінген. Одан бөлек, 780 миллион теңге резервте тұр. Көктемгі тасқынның қалыпты өтуіне әр ауданда әкімдері жауапты. Ағаттық жібергендері қатаң жазаланады, деді Марат Тағымов. |
Количество показов: 1896
Дата создания: 05.03.2014 21:11:08